Жаналыктар

28.11.2018 Тәрбиеші және біз, спорт сүйер балғынбыз!

«Айналайын» бөбекжайында 27-қараша күні «Тәрбиеші және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты  спорттық сайыс өтті. Сайысқа  «Айналайын» бөбекжайы тәрбиешілері және бүлдіршіндер қатысты. Жарысқа қатысқан топтар өзін-өзі таныстыру, «Тасымақ», «Көңілді сужұтқыштар», «Кім епті», «Түнгі снайперлер» «Сурет салу», «Көрікті Аққала» секілді жарыстардан бәсекеге түсті. Сайысты көрермендер қызыға тамашалады.


27.11.2018 «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына пікір Саккулова Х.Б. (тәрбиеші)

Бүгін, қазіргі әлемде өмір сүріп, біз еліміздің тарихын, ата-бабаларымызды білуге және оны мақтан тұтуға міндеттіміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласында тарихи сананы жаңғырту үшін тың ұсынысты алға тартты. Елбасының  мақаласын мұққият оқып шықтым. Мақалада Мемлекет  басшысы төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін ұрпақтың болашағы зор болатындығын айтты.


12.10.2018 ҚР президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру

«Айналайын» бөбекжайында ҚР президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша бөбекжай директоры А.Ж.Кульмаганбетова жиын өткізді. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы мән маңызы зор биылғы Жолдау жүктеген міндеттер кеңінен сөз болған жиында бірқатар баяндамалар жасалды. Жиын барысында қатысушылар Елбасының биылғы 6 негізгі бағыттарын талқылады.


13.09.2018 Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, «Айналайын» бөбекжайы Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорынының конкурс комиссиясының (№1 хаттама, 12.09.2018ж) шешімі

Приозерск қаласы «Айналайын» бөбекжайы Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорынының азаматтық қызметшілері арасында бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кондидаттардың тізімі:

1.Дефектолог, 1 бірлік – Закирова Асемгуль Искаковна

2.Тәрбиеші, 1,25 бірлік – Еримова Наргиза Алмамбетовна


Мемлекеттiк рәмiздерi

Сұрақ

Бөбекжай- бақшасының тәрбие барысынан қандай көлем қанығаттандыңыз?